
Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыру – стратегиялық міндет. Мемлекет басшысы Жолдауында осы салаға ерекше назар аударып, жол инфрақұрылымын жаңғыртуды тапсырды. Қазір бұл бағытта бірқатар ауқымды жоба қолға алынып, жаңа теміржол желілері салынып жатыр. Мысалы, келер жылы «Бақты – Аягөз» бағытындағы теміржол іске қосылады. Нәтижесінде, Қытаймен арадағы жүк өткізу мүмкіндігі 20 миллион тоннаға артады
