
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел экономикасын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, көлік-логистика саласын жаңғырту және білім сапасын арттыруға басымдық берілді. Президент көтерген бастамалар елдің бәсекеге қабілетін арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Осы аталған міндеттерді жүзеге асыруда бизнес өкілдері мен жоғары оқу орындарына да үлкен жауапкершілік жүктеледі.
