
Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде алаяқтар азаматтарды жалған қаржылық ұсыныстар, инвестициялық жобалар және таныстарының атынан ақша сұрау арқылы алдауы мүмкін.
Алаяқтықтың кең таралған 5 түрі:
- Жалған депозиттер – жоғары пайыз ұсынып, жеке шоттарға ақша аударуды сұрайды.
- Жалған инвестициялар – қысқа мерзімде кепілдендірілген пайда уәде етеді.
- Криптовалюталық алаяқтық – жалған сауда платформалары мен Telegram-клубтар арқылы қаражат жинайды.
- Құрылысқа жалған инвестиция – жоқ немесе заңсыз жобаларға ақша салуды ұсынады.
- Таныстар атынан ақша сұрау – бұзылған аккаунттар арқылы шұғыл ақша аударуды өтінеді.
Қаржылық қауіпсіздік үшін:
- Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз.
- Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.
- SMS-кодтар мен құпиясөздерді ешкімге бермеңіз.
- Белгісіз адамдардың шоттарына ақша аудармаңыз.
- Мессенджерлерде екі сатылы аутентификацияны қосыңыз.
Егер алаяқтыққа тап болсаңыз: дереу банкке хабарласып, 102 нөмірі арқылы полицияға арыз беріңіз.
Есіңізде болсын: жоғары табыс, шұғыл ұсыныс және кепілдендірілген пайда – алаяқтықтың негізгі белгілері болуы мүмкін.
Ақпарат көзі: Fingramota.kz.
