Кей учаскелердің жасы 50 жылдан асқан. Тозған құбырлар мен жабдықтар апат қаупін арттырып, су, жылу және электр энергиясын беруде үзілістерге әкелуі мүмкін.

Сондықтан елде ескірген инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңарту жүріп жатыр.

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында тозған желілер ауыстырылып, 2029 жылға дейін инфрақұрылымның орташа тозуын 40%-ға дейін төмендету және апат қаупін 25%-ға қысқарту көзделген.

#ЭКСЖ #Инфрақұрылым #Жаңғырту