🔸 Бүгін Қазақстанда Қазақ тазысы күні алғаш рет аталып өтуде.

🗓️ Дәл осы күні, 2024 жылғы 3 қыркүйекте, Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақ тазысын алдын ала танып, №372 халықаралық стандартын бекітті. Қазақстан тұқымның шыққан елі ретінде танылды.

🔸 Ғасырлар бойы Ұлы даламен бірге жасасқан тазы бүгінде әлемдік көрмелерде Қазақстанды танытып жүр. Қазір Бірыңғай асыл тұқымдық кітапта 4 мыңға жуық тазы тіркелген.

🔸 Алда үлкен жұмыс бар. Тазының генетикалық қорын, табиғи және жұмыс қасиеттерін сақтап, ұлттық тұқымды келесі ұрпаққа жеткізу – басты міндет.

🐕 Қазақ тазысы – Ұлы даладан жеткен асыл мұра.

https://t.me/EcologyofQazaqstan/14406@EcologyofQazaqstan