
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты шын жүректен құттықтаймын!
Конституция — мемлекетіміздің берік іргетасы, тәуелсіздігіміздің тұғыры және әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Бұл тарихи құжат еліміздің әділетті, демократиялық әрі құқықтық мемлекет ретінде дамуына бағыт-бағдар береді.
Жаңа Конституция — қоғамның жаңаруына, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың мемлекет ісіне белсенді қатысуына жол ашатын маңызды қадам. Оның басты мақсаты — әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттырып, елдің тұрақты дамуы мен бірлігін қамтамасыз ету.
Біздің ең үлкен құндылығымыз — татулық, бірлік және өзара құрмет. Осы құндылықтарды сақтай отырып, ортақ Отанымыздың гүлденуі жолында бірлесе еңбек етейік.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілеймін! Қазақстанымыздың болашағы жарқын, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыздың мерейі әрдайым үстем болсын!
Мереке құтты болсын!
Айгүл Аманжолова, қоғамдық пікір көшбасшысы, Бұланды ауданы.
