Макинск қаласындағы Балалар музыка мектебінде орналасқан № 282 референдум учаскесінде таңертеңнен бастап дауыс беру науқаны белсенді өтіп жатыр. Референдум учаскесінің төрағасы – Макинск қаласындағы музыка мектебінің басшысы, өңірдің өнер саласының танымал өкілі және талантты педагог Сертай Нұржанов. Оның басшылығымен учаскеде дауыс беру процесі ұйымдасқан, тыныш әрі тиімді жүргізілуде.

Өнер ордасының ғимаратының ішінде орналасқан учаскеде қаладамыздың ірі шағын ауданының тұрғындары тіркелген. Таңертеңнен бастап тұрғындар өз азаматтық борышын орындау үшін келіп, белсенді түрде өз таңдауларын жасауда. Көпшілігі отбасымен немесе достарымен келіп, бұл маңызды саяси науқанға қатысу арқылы елдің болашағына үлес қосып жатқанын көрсетуде.

Сертай Жатайұлы атап өткендей, мұндай науқандар әрбір азамат үшін өз пікірін білдіру, елдің дамуына қатысу және қоғамдағы жауапкершілікті сезіну мүмкіндігі болып табылады. Ұжымдық тәртіпте ұйымдастырылған дауыс беру процесі тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасап, кезек пен қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуда.

Референдум учаскесіндегі белсенділік – қоғамның азаматтық сауаттылығының көрінісі. Қала тұрғындары өз таңдауын жасай отырып, елдің келешегі үшін жауапкершілікті сезініп, әрбір дауыс маңызды екенін көрсетіп отыр.

#ЕлімҮшінТаңдау

#Референдум2026