
Жаңа Конституция жобасында
азаматтардың маңызды міндеттерінің бірі айтылған.
Әрқайсымыз Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын сақтауға міндеттіміз.
Бұл — халқымыздың дәстүрлерін құрметтеу және тарих пен мәдениет ескерткіштеріне
ұқыптылықпен қарау деген сөз.
Өйткені осындай орындар мен дәстүрлер еліміздің қандай жолдан өткенін көрсетеді.
Сондықтан оларды келешек ұрпақ үшін сақтау өте маңызды.
