Сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып дауыс беруге құрметті еңбек ардагерлеріміздің келуі қуантады. Аға буын өкілдерінің айтқан жылы сөздері мен ақ тілектері әрдайым туған қаланың игілігі мен өркендеуіне бағытталады. Еңбек ардагері, қазіргі таңдағы зейнеткер Кудеренов Айтым Нығметжанұлы ауданның қоғамдық-саяси өміріне әрдайым белсенді түрде қатысып келеді. Сайлауға келіп, азаматтық ұстанымды танытуды міндет деп санайды.