Макинск қаласындағы белсенді сайлаушылардың бірі – аудандық медицина саласының тәжірибелі маманы Гүлнәр Асенқызы Каштаева. № 278 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Ауылдар мен қалалардың әкімдері күн сайын тұрғындардың мәселелерін тыңдап, оларды шешумен айналысады. Сондықтан олар елімізде ерекше рөл атқарады. Шын мәнінде, халық өзі лайықты деп санаған кандидатты таңдаған жағдайда, оған көрсетілетін халықтың қолдауы да алдағы уақытта барынша жоғары болады.