Кездесу барысында келесі негізгі қағидаттар қарастырылды егемендік пен тәуелсіздікті қорғау, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлікті нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру
жауапты әрі жасампаз патриотизм идеясын ілгерілету қоғамдық диалогты дамыту еңбекқорлық, прогресс пен білім құндылықтарын орнықтыру жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тарихи-мәдени мұраны сақтау
ұлттық мәдениетті қолдау.
Аталған қағидаттар терең мәнге ие және алғаш рет Конституция деңгейінде бекітіліп отыр. Олардың әрқайсысы қоғамның сұранысын білдіреді әрі әділетті Қазақстанды құруға бағытталған дәйекті стратегиялық бағытты айқындайды.