«Макинский завод теплоизоляций» ЖШС ұжым мүшелері Макинск қаласындағы № 282 референдум учаскесіне бірге келіп, ел болашағына деген жауапкершіліктерін көрсетті.

Азаматтар атап өткендей, әрбір дауыс – елдің даму жолына үлес қосу, азаматтық борышты орындау мүмкіндігі. Ұжым болып қатысу арқылы олар өз белсенділіктерін, ортақ мақсатқа адалдықтарын және мемлекетіміздің болашағына деген қамқорлықтарын көрсетті

Айта кету керек, «Макинский завод теплоизоляций» ЖШС Буланды ауданының экономикалық картасында жылуоқшаулағыш материалдар өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі ретінде ерекше орын алады. Кәсіпорын 2019 жылдан бастап жұмыс істеп келеді және базальт жыныстары негізінде жоғары сапалы жылуоқшаулағыш материалдар шығарады.

Бұл – Қазақстандағы соңғы үлгідегі заманауи итальяндық жабдықтармен жұмыс істейтін жалғыз зауыт. Өндіріс үдерістері толықтай автоматтандырылған, бұл кәсіпорынға жоғары сапалы өнімді жедел шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Кез келген күрделі ғимараттарды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрылыс материалдарына сұраныс жоғары. Сондықтан зауыт өнімдері Қазақстан бойынша ғана емес, шетел нарығында да кеңінен қолданылады.

#ЕлімҮшінТаңдау

#Референдум2026