
2026 жылдың қараша айында Щучье қаласында Олимпиадалық даярлау орталығының үшінші кезеңінің құрылысы басталды. Жоба аясында спортшылардың жаттығуы мен жарыстар өткізуге арналған заманауи спорт инфрақұрылымын құру көзделген.
Жоба туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы Туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский баяндады.
Кешен құрамына төрт жаттығу трамплині, 3 мыңға жуық көрерменге арналған жабық мұз аренасы және 300 оқушыға арналған мектеп-интернат кіреді. Сонымен қатар жаттықтырушылар мен педагогтерге арналған тұрғын үй-жайлар, сондай-ақ спортшылардың қалпына келуіне қажетті инфрақұрылым қарастырылған.
Жаңа кешеннің іске қосылуы ұлттық құрамалардың оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, халықаралық жарыстарды қабылдауға және өңірде спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.
