Өңірде табиғат аясында демалуға арналған орындар саны артып келеді. Биыл Ақкөл ауданында Wyndham Residence Aqkol, ал Целиноград ауданында «Зеренда» және Dara экопарктері ашылды.

Экологиялық туризмді дамыту барысы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы Туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский мәлімдеді.

Щучинск қаласында аумағы 32 гектарды құрайтын дендрологиялық парк қайта жаңғыртылды. Мұнда өсімдіктердің 175-тен астам түрі өседі. Сондай-ақ ұзындығы 1,7 шақырым жаяу жүргіншілер жолы абаттандырылып, жарықтандыру жүйесі орнатылды. Бұдан бөлек, «Умай» экопаркі ашылды.

Бурабайдағы Бөлектау тауында баспалдақтармен, қоршаулармен және бақылау алаңдарымен жабдықталған экосоқпақ пайда болды. 2028 жылдың соңына дейін облыста тағы төрт экопарк ашу жоспарланып отыр.