2026 жылғы 8 ақпанда Бұланды ауданында өз мәресіне жеткен Капитоновка ауылдық округінің және Макинск қаласының әкімдерін сайлау нәтижелерін Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жария етті.

Капитоновка ауылдық округінің әкімін сайлау күні Капитоновка сайлау округ бойынша сайлаушылар тізіміндегі 673 сайлаушылардан 478 сайлаушы дауыс берді. Капитоновка ауылдық округінің әкімі болып Исмағабетов Шынболат Маратұлы сайланды.

Макинск қаласының әкімін сайлауға 12341 сайлаушы кіріп, олардың 3117-сі дауыс берді.

Дауыс берудің нәтижесінде Макинск қаласының әкімі болып Алдабергенов Азамат Бағдатұлы сайланды.

Сайлау лайықты деңгейде және заң талабына сәйкес өткенін учаскелік сайлау комиссияларда жұмыс жасаған бақылаушылар растады.