
«Новобратское и К» ЖШС басшысы Әділет Омаров бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті:
«Біздің кәсіпорын әрдайым жауапкершілік пен туған жерге адалдық қағидаттарына сүйеніп келеді. Біз референдумды қолдаймыз, себебі елге заң үстемдігін қамтамасыз ететін әрі баршаға тең мүмкіндік беретін өзгерістер қажет. Бұл – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуіне, балаларымыздың болашағына қосқан үлесіміз. Бүгінде бірлік танытып, азаматтық борышымызды орындау аса маңызды», – деді Әділет Омаров.
Еңбек ұжымы әділетті қоғамды тек адал еңбекпен ауызбіршілік арқылы құруға болатынын атап өтті. Бұланды ауданының аграршылары дауыс беруге қатысуға толық дайын екендерін білдірді.
Ұжымдық үндеуде ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін әрбір адамның дауысы жаңарған Қазақстанның берік іргетасын қалыптастыруға және ертеңгі күнге деген сенімді нығайтуға қызмет ететіні айтылды.
