Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде алаяқтар азаматтарды жалған қаржылық ұсыныстар, инвестициялық жобалар және таныстарының атынан ақша сұрау арқылы алдауы мүмкін.

Алаяқтықтың кең таралған 5 түрі:

  1. Жалған депозиттер – жоғары пайыз ұсынып, жеке шоттарға ақша аударуды сұрайды.
  2. Жалған инвестициялар – қысқа мерзімде кепілдендірілген пайда уәде етеді.
  3. Криптовалюталық алаяқтық – жалған сауда платформалары мен Telegram-клубтар арқылы қаражат жинайды.
  4. Құрылысқа жалған инвестиция – жоқ немесе заңсыз жобаларға ақша салуды ұсынады.
  5. Таныстар атынан ақша сұрау – бұзылған аккаунттар арқылы шұғыл ақша аударуды өтінеді.

Қаржылық қауіпсіздік үшін:

  • Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз.
  • Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.
  • SMS-кодтар мен құпиясөздерді ешкімге бермеңіз.
  • Белгісіз адамдардың шоттарына ақша аудармаңыз.
  • Мессенджерлерде екі сатылы аутентификацияны қосыңыз.

Егер алаяқтыққа тап болсаңыз: дереу банкке хабарласып, 102 нөмірі арқылы полицияға арыз беріңіз.

Есіңізде болсын: жоғары табыс, шұғыл ұсыныс және кепілдендірілген пайда – алаяқтықтың негізгі белгілері болуы мүмкін.

Ақпарат көзі: Fingramota.kz.