Конституциялық комиссияның кең ауқымды құрамы – реформаға жан-жақты көзқарастың болғанын көрсетеді. Әртүрлі әлеуметтік топтардың қатысуы құжаттың сапасын арттырды.

Конституцияның 84 пайызына түзетулер енгізілуі – түбегейлі жаңарудың белгісі. Бұл тек формалды өзгеріс емес, мазмұндық реформа екенін дәлелдейді.

Вице-президент институтын енгізу мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады. Бұл билік тармақтарының өзара үйлесімді жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Мен бұл реформаларды басқару жүйесін жетілдірудің жаңа кезеңі деп бағалаймын. Мемлекеттік аппараттың ашықтығы артады.

Исмағамбетова Кенжебике Неғметжанқызы, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы.