
Сандықтау ауданының «Жабай» ЖШС ұжымы республикалық референдумды бірауыздан қолдайтынын жариялады. Кәсіпорын ауыл шаруашылығын дамытып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізуде.
Қазіргі таңда «Жабай» ЖШС егіншілік пен мал шаруашылығын қатар дамытып, өнім өндірісінің сапасын арттыруға күш салып отыр. Ұжым тұрақты нәтижеге қол жеткізу үшін заманауи технологияларды қолданады, еңбек тәртібін сақтайды және қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді. Референдумға қатысу — кәсіпорын үшін ауылдық жерлердегі өмір сапасын жақсартуға және аграрлық сектордың дамуына үлес қосудың маңызды мүмкіндігі.
Кәсіпорын басшысы Дога Докаев бұл туралы былай деді:
«Ауыл шаруашылығындағы тұрақтылық жүйелі тәсілдің, тәртіп пен әрбір қызметкердің жауапкершілігінің арқасында қалыптасады. Біз жаңа маусымға нақты жоспармен сенімді қадам басып отырмыз. Ел болашағы мен жеріміздің өркендеуі үшін референдумға қатысу – біздің жауапты ісіміз», – деді Докаев Дога.
Ұжымдық пікірде «Жабай» ЖШС қызметкерлері ауыл шаруашылығын дамыту мен қоғамдағы әділеттілікке бағытталған кез келген бастаманы қолдайтынын атап өтті. Референдум – өңірдегі аграрлық секторға жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашатын маңызды қадам ретінде бағаланады.
