
2026 жылғы 13 ақпанда Бұланды ауданы Аналар кеңесінің «Конституциялық реформа аясында адам құқықтарын құқықтық қорғау» тақырыбында отырысы өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасының негізгі ережелері қарастырылды. Іс-шараның спикері ретінде қоғам пікірінің көшбасшысы, Бұланды ауданы Аналар кеңесінің төрайымы А. Аманжолова сөз сөйлеп, ұсынылып отырған өзгерістердің басты бағыттарына жан-жақты тоқталды. Ол бұл өзгерістердің мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға және азаматтық қоғамды дамытуға маңыздылығын атап өтті.
Өз сөзінде төрайым Конституция – бұл тек елдің негізгі заңы ғана емес, сонымен қатар қоғамдық келісімнің іргетасы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, әлеуметтік әділеттілік пен орнықты дамудың негізі екенін жеткізді. Жаңа жоба заңдылық, теңдік және мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігі қағидаттарын күшейтуге бағытталған.
Сондай-ақ кездесу қатысушылары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдіріп, құзыретті түсіндірмелер алды. Мұндай кездесулер қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.
