Қазіргі уақытта өңірдің қалалары мен аудандарында тақырыптық безендіру элементтері орнатылып, ғимараттардың қасбеттері мен LED-экрандарға мерекелік символика орналастырылуда. Сондай-ақ көшелер мен қоғамдық кеңістіктерді безендіру жұмыстары жүргізіліп, мерекелік атмосфера қалыптастыруға баса назар аударылуда.

Бұдан бөлек, Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған ресми символика облыс аумағында өтетін түрлі мәдени-көпшілік, қоғамдық және басқа да іс-шараларда кеңінен қолданылуда. Бұл мерейтойлық іс-шаралардың бірыңғай визуалды және тақырыптық безендірілуін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар еліміздегі басты мерекелердің бірі – Тәуелсіздік күнінің тарихи маңызын айшықтауға, өңір тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлауға және Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларға деген құрметті нығайтуға бағытталған.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 35 жыл толады.