Бүгін Новобратское және Буденовка ауылдары үшін маңызды күн — ауылдық округі әкімінің сайлауы өтуде.

Бұл жай ғана рәсім емес, әрбір тұрғын үшін өз округінің болашағына әсер ету мүмкіндігі. Ауылдың дамуы, жолдардың жағдайы, абаттандыру, ауыл шаруашылығын қолдау, жастармен жұмыс және күнделікті мәселелердің шешілуі — барлығы халықтың таңдауына байланысты.

Тұрғындардың саналы көзқарасы ерекше қуантады. Адамдар сайлау учаскелеріне өз дауысының маңызын түсініп келуде. Бұл — қоғамның кемелденгенінің және туған жерге деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Ауылдың болашағыбелсенді азаматтардан басталады. Әркім бейжай қарамаса, нақты өзгерістер болады.