Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады
Астана. 31 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY — «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов партияның кезектен тыс XXV Съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлімдеді.   Съезд 7 ақпанда Астана қаласында өтеді.   Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Осыған орай партияның Орталық аппараты өңірлік филиалдармен бірге дайындық жұмысын бастады.