
“Дарынды ұрпақ – ел болашағы” атты республикалық және халықаралық интеллектуалдық жарыстар жеңімпаздарымен салтанатты кездесу өтті.
Іс-шараға 9–11 сыныптар арасынан республикалық және халықаралық білім сайыстарының 70 үздік жеңімпазы қатысты. Олар – ғылымға құштар, елдің болашақ зияткерлік элитасын құрайтын оқушылар.