🇧🇦 Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) 22 елдің оқушылары қатысқан Балқан халықаралық математикалық олимпиадасы (BMO) аяқталды. Қазақстандық оқушылар ел қоржынына үш күміс және үш қола медаль салып, 100% көрсеткіш көрсетті.

🇰🇿 Қазақстан құрамасы жалпы алты жүлде иеленді:
🥈 Күміс жүлде иегерлері:

  • Амир Сахипов — Алматы қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;
  • Марғұлан Шарел — Астана қаласындағы Spectrum мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Элдар Үсенов — Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы.

🥉 Қола медаль иегерлері:

  • Дамир Нұрланов — Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
  • Әмірлан Аманжолов — Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Бердібек Орынбасар — Атырау облысындағы №1 «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы.

«BMO олимпиадасына қатысу – Қазақстан құрамасының шілде айында Австралияның Квинсленд қаласында өтетін халықаралық математикалық олимпиадаға (IMO) дайындығындағы маңызды кезең. Мемлекетке жас таланттарды қолдағаны үшін, сондай-ақ ұстаздарыма және барлық жаттықтырушы командаға кәсіби дайындық үшін шын жүректен алғыс айтамын», – деді олимпиаданың күміс жүлдегері Марғұлан Шарел.

🧑🏻‍🏫 Ұлттық құраманың жаттықтырушылары – Асылбек Исахов пен Мұхтар Қабақ.

👏🏻 Жас математиктерімізді құттықтаймыз!

🏆 Естеріңізге сала кетейік, бұл – қазақстандық оқушылардың екінші рекордтық нәтижесі. 2024 жылы да олар үздік үштіктен көрінген болатын.