Көліктегі полиция департаментінің нұсқауына сәйкес Көкшетау станциясы Желілік полиция бөліміне қарасты қарауындағы аумақта 2025 жылғы 18-20 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

                Мақсаты — қоғамдық орындарда қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және басқа да тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау, темір жол және әуе көлігі объектілерін қарау кезеңінде көші-қон ережесін бұзу фактілерін анықтау, ұсақ бұзақылық, аз мөлшердегі есірткі заттарын пайдалану, тасымалдау фактілерін анықтау.

                Е. МАЛҒАЖДАРОВ, Көкшетау ст. ЖПб ӘПб бастығының м.а. полиция майоры.