BNP Paribas Open 2025, яғни Индиан-Уэллс турнирі, 2025 жылдың 6-17 наурызы аралығында 🇺🇸АҚШ-тың Калифорния штатындағы Индиан-Уэллс қаласында өтеді.

🇰🇿Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин аталмыш турнирде іріктеудің финалына шықты.

Іріктеудің жартылай финалында Михаил ұйымдастырушылардан Wild Card алған француз Тео Папамаламисті 6:4, 6:7, 7:5 есебімен ұтты.

Жарыстың негізгі кезеңінде ойнау үшін Кукушкин италиялық Джулио Зеппиериді жеңуі тиіс.

🕰Кездесу 5 наурыз Қазақстан уақытымен 00:30-да басталады.