Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда ЖІӨ-ге шаққандағы салықтық түсімдердің үлесі шамамен 18%-ды құрайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50%-дан асады. Осыған байланысты халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мен инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламаларын қаржыландыру үшін бюджет ресурстары жеткіліксіз болып отыр.