107,4 км су бұру арналары салынды, 38 км өзен арналары тазартылды, 35 км-ден астамқауіпті учаскелерде жағалауды нығайту жәнеөзен аңғарларын тереңдету жұмыстарыжүргізілді.131 км бөгет бекітіліп, 21 км-денастам қорғаныс бөгеті тұрғызылды, 336 су өткізу құрылысы салынды.

Көкшетауда Қылшақты өзенінің аңғарын тереңдету жұмыстары атқарылды. Атбасар қаласындағы Жабай өзенінің арнасы құмды шөгінділер мен өсімдіктерден тазартылды. Осындай жұмыстар астана іргесінде де жүргізілді. Целиноград ауданында Есіл мен Нұра өзендерінің аса маңызды учаскелеріндежағалау бекітіліп, су арнасы кеңейтілді.

Үкіметтің қолдауымен «Демеу Қазақстанқоры» қаражаты есебінен үш гидротехникалық құрылысты жөндеу және салу, Жабай, Шағалалы және Колутон өзендерінің түбінтазарту және жағалауларын нығайту жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, Атбасар ауданында қосымша шаралар жалғасуда. Жабай өзенін түзеу және тазарту бойынша алдыңғы кезектегі жұмыстар қолға алынды.
Жалпы, орындалған жұмыстардың ұзындығы 30 км-ден асты.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев көктемгі су тасқыны кезеңіне қажетті техника мен жеке құрамды дайындауды тапсырды.