

♦️Көкшетауда жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметпен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша оқу-әдістемелік жиын өтті.
🚒Іс-шараға Ақмола облысы ТЖД өкілдерінен басқа, жүзге жуық ауылдық округ әкімдері мен аудан әкімдіктерінің мамандары қатысты. Мұндай шара өңірде алғаш рет өткізіліп отыр. ТЖД бастығының орынбасары Ренат Валишановтың төрағалығымен өткен іс – шарада қаралған басты мәселелердің бірі-өрт сөндіру бекеттері мен ерікті өртке қарсы құралымдарды құру. Облыста олардың тек 50-і бар, олардың 17-сі белсенді емес. Осыған орай, ауылдық округтерде болып жатқан өрттерге ден қою проблемалары бар. Жағдайды түзетуге болатын өзара әрекеттесу механизмдері талқыланды.
🚨МӨББ бастығының міндетін атқарушы Ержан Ғаббас әкімдік өкілдеріне өрт сөндіру бекеттері мен ерікті өртке қарсы құралымдарды құру тәртібі туралы айтып берді. Өз кезегінде ауылдық округ әкімдері жергілікті жерлерде өртке қарсы қорғанысты дамытуда қандай қиындықтар бар екенін айтып берді.
🧑🚒Сондай-ақ техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде ЖАО-ның мемлекеттік өртке қарсы қызметпен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. «Төтенше жағдайлар туындаған кезде жергілікті атқарушы органдардың ақпарат беру және қабылдау тәртібі» және «Мемлекеттік өртке қарсы қызметпен өзара іс-қимылда Төтенше жағдайлар кезінде радио алмасу тәртібі» сияқты тақырыптар да қаралды. Іс-шара қорытындысы бойынша
📌Департаментпен жергілікті атқарушы органдардың төтенше жағдайларға ден қоюды жақсарту бойынша тиісті ұсынымдар берілді, ал жергілікті атқарушы органдар өз ұсыныстарын енгізді. Сондай-ақ, өкілдер үшін 2 МӨСБ бойынша экскурсия ұйымдастырылды
Ақмола облысы ТЖД