Жаңа жыл қарсаңында Целиноград ауданындағы Каражар ауылының тұрғындары көптен күткен қуанышке кенелді. Жыл аяғында электрмен жабдықтау желілерінің екінші кезеңінің құрылысы аяқталды. Бірнеше жылдық үзілістен кейін әрбір үй тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Жоба аясындағы жұмыстар жалпы жоспарға сәйкес Каражардың барлық тұрғын массивтерін қамтыды. Екінші кезеңде РП-2 тарату пункті мен он трансформаторлық қосалқы станция қосылды. Барлық жабдықтар тексеріліп, пайдалануға енгізілді. Қазірдің өзінде қажетті құжаттарды тапсырған үй иелерін қосу процесі басталды.

Ауыл тұрғындары өңір басшысы Марат Ахметжанов пен аудан әкімі Дарын Сабырғалиға атқарылған маңызды өзгерістер үшін алғыс білдірді.

«Біз осы сәтті көп күттік. Енді үйлерімізде тек жарық ғана емес, болашаққа деген сенім де бар. Жаңа жыл біздің ауылымыз үшін жаңа даму кезеңі болады», – деп бөлісті ауыл тұрғыны.

Электрмен жабдықтау жүйесінің сенімділігіне ерекше назар аударылды. Аймақтың климаттық ерекшеліктері ескеріліп, жабдықтар қатаң қыстың жағдайында жұмыс істеуге дайын. Бұл әсіресе ауыл тұрғындары үшін маңызды, себебі энергия үзілістері айтарлықтай проблемалар тудыруы мүмкін.

Электр энергиясына қосылу тек тұрмыстық мәселелерді шешумен ғана шектелмей, Каражардың одан әрі дамуына серпін берді. Бұл шағын бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, білім беру және медициналық мекемелердің жұмыс жағдайларын жақсартады және өмір сүруге қолайлы орта құрады.