Бұл туралы бүгінгі брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Тұрмағанбет Талғат Әділханұлы баяндап берді.

«Филиал жергілікті атқарушы органдармен бірлесе, апта сайын Ақмола облысы әкімдігіне облыстық штаб отырысында есеп бере отырып, сақтандырылмаған азаматтардың тізімдерін өңдейді.

«D» дағдарыс және «Е» төтенше санаттағы азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен цифрлық отбасы картасымен қамту бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау алгоритмі әзірленді» — дейді спикер Талғат Әділханұлы.

Бүгінгі таңда аталған санаттардағы сақтандырылмаған азаматтарға әлеуметтік мәртебе беріліп, одан әрі олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және сақтандыру шараларымен қамту үшін азаматтардың тізімдері қала және аудан әкімдіктеріне жолданған.

2024 жылы Ақмола облысында қаржыландыру көлемі 87,8 млрд теңгені құрады.

Бөлінген қаржы халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге жұмсалуда. Осыған орай, Қор Филиалы медициналық ұйымдардың тұтастық пен сапа бойынша шарттық міндеттемелерді орындауын қадағалайды, яғни, халыққа көрсетілетін медициналық көмекке сараптама жасайды.

2024 жылдың 8 айында Филиалға 2 447 өтініш келіп түскен, оның ішінде 641 шағым.

Әрбір шағым бойынша филиал тиісті жұмыстарды қарастырып, оның ішінде медициналық ұйымдарға жоспардан тыс мониторинг жүргізеді.

Сондай-ақ, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры  Тұрмағанбет Талғат сақтандыру мәртебесін келесі жолдармен тексеруге болатынын айта өтті: 1414 байланыс орталығы, egov.kz электронды үкімет сайты, Қордың ресми сайты, Telegram желісіндегі @SaqtandyrýBot немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшалары, Damumed, Halyk, Kaspi.kz, BCC .KZ

Айта кетер болсақ, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап аумақтық қолжетімділік аясында емхананы еркін таңдауға және кепілдік берілген көлем мен медициналық сақтандыру аясында, медициналық көмек алуға мүмкіндік беретін кезекті тіркеу науқаны басталды, бұл құқықты 1 қарашаға дейін пайдалануға болады.