Ел аузында жүрген АЭС салу мәселесіне қатысты Жамбыл облыстық мәслихатының экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Мұқаш Зұлқарнайұлы өзінің ойын айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Ол АЭС-тің елдегі өнеркәсіптің дамуына бірден-бір септігін тигізетінін жеткізді.
«АЭС салу мәселесі тәуелсіздіктен алғалы бері талқыланып жатқан дүние. Мен химия өндірісінде 40 жылдан астам уақыт жұмыс істедім. Қазақстанның оңтүстігіндегі кәсіпорындар Кеңес одағынан бері қарай энергия тапшылығына ұшырап келе жатыр. Мәселен, мен істеген кәсіпорынның өзі бір жылда 2 миллион кВт электр энергиясын жағады. Болашақта да бұдан көп болмаса, энергия тапшылығы болатыны айқын. Қазір кәсіпорындар былай жұмыс істейді. Таңертеңгі сағат 6.00-10.00 аралығы мен кешкі 6.00-10.00 аралығынла халыққа электр энергиясы толық жетсін деп кәсіпорын өзінің энергия тұтыну мөлшерін төмендетеді. Бұл Кеңес одағынан келе жатқан электр энергиясын үнемдеудің тәсілі. Сондықтан, егер халық қолдауымен АЭС салынатын болса, тұрақты энергия көзі қамтылып әрбір өнеркәсіп түрі, әрбір кәсіпорын жеткілікті түрде энергиямен қамтамасыз етілетін еді. Энергия тапшылығнан шығатын жалғыз жол — АЭС салу» дейді Мұқаш Ескендіров.