Қазақстанда АЭС құрылысының қажеттілігі мен өзектілігі туралы кеңеске қатысушылардың алдында сөз сөйледім. Аудан басшылары, Макинск қаласының және ауылдық округтер әкімдері Президенттің 2024 жылғы 6 қазанға белгіленген республикалық референдум өткізу туралы Жарлығын белсенді қолдады.
Қоғамда АЭС салу сұрағы осы кезде дейін жан-жақты талқыланып келе жатқан болатын. Қазақстандықтар тарихи таңдаудың қарсаңында ел алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу — саяси дамудың келесі кезеңі екенін түсіну қажет. Бұл — уақыт талабы. Себебі, ел тағдырын аңықтайтын реформаларға бүкіл халық қатысу қажет.

М. Жумабаева, “Бұланды ауданының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы.