«Bulandy Aqparat» аудандық газеті 2024 жылдың 31 наурызында тағайындалған Бұланды аудандық мәслихатының № 2, 6, 8 бірмандаттық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттардың орнына сайлауы алдындағы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және мәслихат депутаттығына кандидаттардан келген ақпараттық және үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа бетінен орын беру шартын хабарлайды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық материалдарын жариялауға: газеттегі 1 шаршы см. орынның төлемақысы – 30 теңге; сайлауалды және үгіт материалдарын жариялауға: газеттегі 1 шаршы см. орынның төлемақысы – 150 теңге. Төлем редакция ұсынған есеп-шот бойынша жасалады.
Үгіт материалдарын жариялау үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттар немесе сенім білдірген адамдар:
- Редакцияға кандидаттың немесе сенім білдірген адамның аты-жөні, тіркелген нөмірі, күні мен уақыты, сайлау округі, кандидаттың немесе сенім білдірген адамның қойылған қолы көрсетілген жазбаша өтініштерін тапсырады.
- «Bulandy Aqparat» аудандық газеті келісім-шарт жасасады.
Үгіт материалдарын жариялау тәртібі
Жазбаша өтініштердің және келісім-шарттың жасалуы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес мерзімдерде басталады.
Үгіт материалдарын «Bulandy Aqparat» газетінің бетінде орналастыру мәселесін редакция материалдардың келу кезегіне қарай дербес шешеді.
Бұланды аудандық мәслихатының № 2, 6, 8 бірмандаттық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттығына кандидаттар үгіт материалдарын редакцияға жариялануы жоспарланған күннен 3 (үш) күн бұрын табыс етеді. Мәтіндер басылып, кандидаттың немесе сенім білдірген адамның өз қолдары қойылып, электрондық түрде (флэш-карта, электрондық пошта) қайталанып берілуі тиіс. Мәтіннің басылған түрі екі данамен, берілген күні мен уақыты, тіркеу нөмірі көрсетіліп, табыс етіледі. Редакция қызметкері оны қабылдап алғаны жөнінде белгі қояды: мәтіннің екі данасына да қабылданған күнін, уақытын көрсетеді, қабылдап алушының лауазымы мен тегі жазылады. Мәтіннің бір данасы редакцияда қалдырылады, екіншісі оны берген адамға қайтарылады. Мазмұндары «Қазақстан Республикасы сайлау туралы» конституциялық Заң талаптарына сәйкес келмейтін үгіт материалдары жарияланбайды.
Кандидат, сенім білдірген адам үгіт материалдарының ақысын материал жарияланар күннен үш күн бұрын 100 пайыз төлейді.
Сайлауалды және үгіт материалдарды редакцияның мына мекен-жайына ұсынуға (жолдауға) болады: Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макин қаласы, Сейфуллин к., 18 Б, тел.: 2-11-63, е-mail: vesti_bulandy@mail.ru.