Қадірлі бұландылықтар!
Сіздерді шын жүректен Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймын!
Бұл мейрамның маңызы ерекше, себебі бұл күн біртұтас еліміздің берекесі мен бірлігінің, әрқайсымыздың туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігіміз бен адал еңбегіміздің нәтижелі нышаны екені сөзсіз.
Тарихи мәні терең, идеологиялық жүгі жоғары айтулы күн еліміздің бүгіні мен ертеңіне адал қызмет ететін, ерен істер мен елеулі бастамаларды жалғастыратын барша азаматтың отаншыл рухын оятып, сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.
Баршаңызды бірлік пен ынтымақтастыққа шақыра отырып, еліміздің тұрақты дамуы мен ұлттық стратегиялық мүддесі жолында еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаңыз сәтті болсын деген ниет білдіремін!
Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық отбасыларыңызға бақыт, зор жетістіктер тілеймін! Ұлттық мереке құтты болсын!

Айгүл Аманжолова, «Bulandy Aqparat» аудандық газетінің редакторы, қоғамдық пікір көшбасшысы.