Астрахан ауданында белсенді жастар қатарындағы волонтерлер тобы мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді.

Волонтерлік жилет киген жастар сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Олар осылайша азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп, қоғамдық өмірге белсенді қатысып жүргендерін танытты.