Партияның бір айға созылған үгіт-насихат науқаны аясында еліміздің барлық өңірінде ауқымды жұмыс жүргізілді.

Негізгі көрсеткіштер:
🔹 106 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасы өткізілді;
🔹 5,6 млн адам қамтылды;
🔹 246 сайлауалды штаб жұмыс істеді;
🔹 6,5 мың адам науқанға атсалысты;
🔹 3 817 кандидат ұсынылды;
🔹 9 200 сенімді өкіл тартылды.

Сонымен қатар партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне тұрғындардан 5 мыңнан астам ұсыныс пен өтініш түскен.

Партия төрағасы Айбек Дәдебай науқан аяқталғаннан кейін де сайлаушылармен байланысты жалғастырып, халық көтерген мәселелерді нақты шешуге басымдық беру қажеттігін атап өтті.

Ендігі міндет – сайлауалды уәделерді кезең-кезеңімен жүзеге асырып, тұрғындардың сенімін нақты іспен ақтау.

🗳️ Еске салайық, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді.

#Әділет #Сайлау2026 #Қазақстан