Энергетика министрлігінің басшысы Б. Ақшолақов мыналарды қысқаша қорытындылады:Ағымдағы төмен бағаларды сақтап отырсақ, біз қанша жанармай өндірсек те, барлық сұранысты қамтамасыз ете алмаймыз, бұл бір.Екінші – бағалар арасындағы айтарлықтай айырмашылыққа байланысты көрші елдерге «ағын» жалғаса береді, оның көлемі арта түседі. Ешқандай шектеулер күтілген нәтиже бермейтіні анық.Үшінші, жанармай бағасындағы диспропорция «көлеңкелі» нарықты дамытып, ұлттық экономикаға/мүддеге кері әсерін тигізеді.Төртінші, жанармайға төмен бағаның сақталуы мұнай-газ саласына инвестиция тарту, оны дамытуға, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, ресурстық базаны толықтыруға мүмкіндік бермей отыр. Навигация по записям Көршілес елдердегі ЖЖМ бағасы Қазақстандағы экономикалық жағдайға қалай әсер етеді Бензин мен дизель бағасының өсуі: жанармай нарығын тұрақтандыру үшін қиын, бірақ қажетті қадам