Уақтылы қаржыландыру – табысты егіс науқанының кепілі. Мемлекеттік қолдау шаралары шаруаларға тұқым, тыңайтқыш, жанар-жағармай сатып алуға және техниканы маусымға дайындауға мүмкіндік береді. Бұл дала жұмыстарын тұрақты жүргізуге және отандық өсімдік шаруашылығын дамытуға ықпал етеді.