Көкшетаудағы «GARANTI EXPORT» ЖШС жылына 30 мың тоннаға дейін бұршақ, майлы және дәнді дақылдарды өңдейтін заманауи кешенді іске қосты. Кәсіпорын өнімдері Қазақстан нарығына жеткізіліп, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан және Еуропалық одақ елдерін қоса алғанда, бірқатар мемлекетке экспортталады.

Өндіріс жұмысымен облыс әкімі Марат Ахметжанов танысты.

Соңғы үш жылда Ақмола облысында майлы дақылдар егілетін алқап көлемі төрт есеге ұлғайып, 838 мың гектарға жетті. Осыған байланысты өңірде ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді дамытуға басымдық берілуде.

Алдағы уақытта кәсіпорын қосымша элеватор салуды жоспарлап отыр. Бұл шикізатты сақтау көлемін арттырып, өндірісті кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жаңа жұмыс орындарын ашуға, экспортты ұлғайтуға және өңір экономикасын дамытуға ықпал етеді.

📱 t.me/Aqmola_region