
Астана қаласы полиция департаментінің үш қызметкері Түркияның Мерсин қаласында өткен UNIFIGHT әмбебап жекпе-жегінен әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті.
10–15 қараша аралығында өткен халықаралық жарысқа әлемнің 36 елінен спортшылар қатысып, бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Нұрлан Тұрғанбаев алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды. Ерболат Берген бір жарыста қола, екінші күні күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Алмас Зейнуллов Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль салды.
Осылайша, елордалық полицейлер әлемдік додада барлығы төрт медаль жеңіп алды: бір алтын, бір күміс және екі қола.
Бұл жетістік – жүйелі дайындықтың, табандылық пен темірдей тәртіптің нәтижесі. Полиция қызметкерлерінің спорттағы жеңісі олардың күш-қуатын, төзімділігі мен жігерін айқын көрсетеді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Қазақстанның көк туын биікте желбіретіп, ел мерейін асқақтата беріңіздер!
