
Көненің көзі болған ақсақалдың отбасы түгелдей ұлттық киім киіп келіпті. Ғасыр жасаған ақсақал халыққа ақ батасын арнады.
– Елдің тәуелсіздігі баянды әрі тұғырлы болсын. Бүгінгі саяси додаға әулетімізбен келіп өз таңдауымызды жасадық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – дейді Нұрқасым ақсақал.
Елдегі саяси маңызды оқиғадан қалыс қалмаған ақсақалға ризашылығын білдірген сайлау комиссиясының төрағасы сыйлыққа астау тарту етті.
https://aikyn.kz/245432/kosshyda-bir-99-zhastagy-kariya-euletimen-kelip-saylauda-oz-tandauyn-zhasady/