
Бұл туарлы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында мәлім болды.
«Хабар» телеарнасы саяси партиялардың сайлау алдындағы пікірсайысын өткізу регламентін әзірледі. Регламентке сәйкес, саяси партиялардың сайлау алдындағы пікірсайыстары 3 раундта өткізіледі. Бірінші раунд 2 турдан тұрады. Бірінші тур – партияның таныстырылымы. Онда әр қатысушы өз партиясын таныстыру үшін сөз сөйлейді. Әр қатысушының сөз сөйлеуіне 2 минут беріледі. Екінші тур – пікірсайыс сессиясы. Мұнда қатысушылар қарсыластарына бір сұрақ қояды және бір сұраққа жауап береді. Сұрақ тұжырымына бір минут беріледі. Әр қатысушының жауабына 2 минут беріледі», — деді ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова.
Екінші раунд та екі турдан тұрады.
«Бірінші тур – «Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында өзінің сайлау алдындағы бағдарламасы туралы айту мүмкіндігімен сөз сөйлеу. Екінші тур – сайлаушылардан сұрақ. Әр қатысушы көрермендердің бір сұрағына жауап береді. Жауап беру уақыты – 2 минутқа дейін.
Үшінші раунд – сайлаушыларға арналған сөз. Соңғы раундта қатысушылар сайлаушыларға тікелей жүгінеді. Әр қатысушыға 2 минут беріледі. Осылайша пікірсайысқа қатысушылар өздерінің сайлау бағдарламасымен сөз сөйлеуге, қарсыластарына сұрақ қоюға, сайлаушылардың сұрақтарына жауап беруге, сондай-ақ сайлаушыларға үндеу жасауға мүмкіндік алады». – деді ол.
Сондай-ақ, ОСК аталмыш телевизиялық пікірсайысқа қатысушылардың тізімін мақұлдады.
https://www.inform.kz/kz/saylau-16-nauryzda-otetin-teledebatta-saylaushylar-tikeley-efirde-surak-koyady_a4043302