АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясына 12 032 550 дауыс беруші тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚР Сайлау туралы заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар сайлаушылар тізімін қалыптастыруы тиіс. Ал аумақтық сайлау комиссиясы акт бойынша сайлаушылар тізімін уақтылы қабылдап, бақылауда ұстау қажет. Сайлаушылар тізімі екі күннің ішінде электронды түрде Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды. Әр сайлаушы жергілікті атқарушы органда дауыс беруші ретінде тіркелуге құқылы. Егер азамат сайлауға дейін 30 күннің ішінде тұрғылықты жерінде болмайтын жағдайда өзі болатын жерде тіркеліп, сайлауға қатыса алады», – деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Оның айтуынша, сайлаушылар тізімін жасақтауға қатысты 17 310 өтініш келіп түскен, нәтижесінде 48 001 азамат сайлаушы ретінде тіркелді.
«Сайлаушылар тізімін жасау барысында республика бойынша 12 032 550 дауыс беруші тіркелді. 4 наурыздан бастап қазақстандықтар өзін сайлаушылар тізімінде бар-жоғын және дұрыстығын тексере алады», — дейді ол.
Еске салайық, 19 наурызда Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.
https://www.inform.kz/kz/mazhilis-saylauy-12-mln-nan-astam-dauys-berushi-tirkeldi_a4040402