Open Almaty бірыңғай байланыс орталығының базасында сайлаушылар 109 нөмірі арқылы дауыс беруге қатысты сұрақтарына жедел жауап ала алады.

Сонымен қатар ЖСН арқылы өзінің сайлау учаскесін білуге мүмкіндік беретін Telegram-бот пен онлайн-сервис іске қосылды. Осы қызметтердің көмегімен 133 мыңға жуық алматылық кеңес алып үлгерді.

Сайлау күні мегаполисте барлығы 9 аумақтық және 670 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді.