[16:53, 10.07.2026] Рамида: Ақмола облысының Зеренді ауданындағы «Сұңқар» жазғы сауықтыру лагерінде «Қауіпсіз демалыс» республикалық акциясы аясында профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, оларды түрлі қауіп-қатерден сақтандыру.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу мәселесіне ерекше тоқталды. Жасөспірімдерге әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы есірткінің заңсыз айналымына тарту тәсілдері түсіндіріліп, есірткі заттарын сақтау, тасымалдау немесе таратуға қатысқаны үшін заңда көзделген қылмыстық жауаптылық туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сондай-ақ киберполиция қызметкерлері интернет кеңістігіндегі алаяқтықтың кең таралған түрлеріне тоқталып, балаларға дропперлердің кім екенін түсіндірді. Мамандар банк карталары мен жеке деректерді бөтен адамдарға бермеудің маңызын айтып, күмәнді ұсыныстардан сақ болуға шақырды.
Іс-шараға Ақмола облысы Полиция департаменті жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің мүшесі, «Есбол Қоры» фронт-офисінің басшысы Даниял Жағыпар қатысты. Ол оқушыларды фронт-офистің қызметімен таныстырып, жастарға арналған жобалар мен өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.
Мұндай профилактикалық кездесулер жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және заң бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.
ЗаңменТәртіп
[16:53, 10.07.2026] Рамида: В летнем лагере Зерендинского района детям рассказали об опасности наркотиков и интернет-мошенничества
В рамках республиканской акции «Безопасный отдых» сотрудники полиции провели профилактическую встречу с воспитанниками летнего оздоровительного лагеря «Сункар» Зерендинского района.
Особое внимание было уделено профилактике наркопреступности. Полицейские рассказали детям, кто такие закладчики, как несовершеннолетних вовлекают в незаконный оборот наркотиков через социальные сети и мессенджеры, а также напомнили об уголовной ответственности за участие в сбыте и распространении запрещенных веществ.
Сотрудники киберполиции объяснили, кто такие дропперы, почему нельзя передавать посторонним свои банковские карты, счета и персональные данные, а также рассказали, как распознать мошеннические схемы и не стать соучастником преступления.
В мероприятии также принял участие член Совета по профилактике наркоправонарушений при Департаменте полиции Акмолинской области, руководитель фронт-офиса фонда «Есбол» Даниял Жагыпар. Он познакомил ребят с деятельностью фронт-офиса и рассказал о возможностях для самореализации молодежи.
Подобные встречи направлены на повышение правовой грамотности подростков, формирование ответственного поведения и профилактику правонарушений.
ЗаконИПорядок


