
Осы орайда ол сайлау учаскелерінде заң талаптары сақталып отырғанын айтты.
«Сайлау учаскелеріндегі рәсімдердің барлығы ашық өтіп жатқанын байқадық. Дауыс беру үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жағдай жасалған. Осы жұмыстардың барлығын байқаушылар жақсы бағалап отыр. Сайлау учаскелеріне келген тұрғындардың да көңіл-күйі көтеріңкі екенін байқадық. Жалпы, баршасы осы сайлаудың ашық өткенін қалайды және дауыс беру науқаны заң талаптарына сәйкес өтуінің маңыздылығын жақсы түсінеміз. Бұл өз кезегінде Қазақстанның болашағына үлесін қоса алатын жастар үшін жақсы мүмкіндік», — деді Ұлыбритания парламентінің өкілі.