АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері өңірлік сайлау учаскелерінің алдағы науқанға дайындығын тексеріп жатыр. Бұл туралы аталған комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Сайлау комиссияларына әдістемелік көмек көрсету және дауыс беру күніне дайындығына көз жетізу үшін сайлау учаскелеріне бару мақсатында 28 қазаннан Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен аппараттың өңірлерге сапарлары басталып кетті. Мен және менің әріптестерім әзірше 12 өңірге барып үлгерді. 17 қарашаға дейін біз барлық өңірді аралауды жоспарлап отырмыз. Біздің басты міндетіміз — сайлау органдарының барлық сайлау инфрақұрылымының 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлауын өткізуге 100 пайыз дайындығын қамтамасыз ету», — деді ол бүгін комиссия отырысында.ОСК төрағасы өткен аптаның соңында инспекциялық сапармен Павлодар мен Ақмола облыстарына, сол облыстардың шағын қалалары мен ауылдарында орналасқан сайлау учаскелерінің жұмысымен танысқанын айтты.«Өкілетті мемлекеттік органдар мен сайлау комиссиялары мүшелерінің өңірлерде сайлаушылар тізімдері бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары, сайлауды ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігі үшін қажетті жағдайлар жасау, сайлау бюллетеньдерін күзету және уақытылы жеткізу, сонымен қатар басқа да мәселелер бойынша баяндамаларын тыңдадым», — деді Нұрлан Әбдіров. Навигация по записям Центризбирком РК отозвал аккредитацию у двух иностранных наблюдателей Члены ЦИК РК объехали 12 регионов для проверки готовности к президентским выборам