
2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күні» дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады, онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және ол арқылы салымшылардыңқандай мүмкіндіктерге ие болатыны туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді.
Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:
• платформа қалай жұмыс істейді;
• зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;
• инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;
• басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;
• өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;
• салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.
Қатысушылар өздерін қызықтырған кез-келген сауалдарға Қор мамандарынан түсініктемелер, сондай-ақ жеке кеңестер ала алады.
«Ашық есік күні» 2026 жылдың 28 сәуірі күні сағат 10-00, 12-00 және 15-00онлайн-форматта өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін сілтемеhttps://bit.ly/akm0426бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін2513 895 3532және event-кеңестің құпиясөзін 1234енгізіңіз.
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!
